KZNews.kz
Аймақ

Түркістан облысының басқарма басшысы 191 млн теңге жымқырды деген күдікпен қамалды

Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Ресми дерекке сүйенсек, күдікті шенеуніктердің аты-жөндері әзірге жария етілмеген.

ҰҚК мәліметінше, Қоғамдық даму басқармасының басшысы бағынышты қызметкерімен бірлесіп, қызметкерлерге жалақы төлеуге арналған 191 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған деген күдікке ілінген.

Сонымен қатар, Ветеринариялық қызмет басқармасының басшысы оң қорытынды алу мақсатында комиссия мүшелеріне 16 миллион теңге көлемінде пара бергені үшін тергеліп жатыр.

«Соттың санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды», – делінген ҰҚК ресми хабарламасында.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →