Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында ағайындылар ірі көлемде есірткі өндірген

Түркістан облысында ағайындылар ірі көлемде есірткі өндірген
Фото: Видеодан скрин

Түркістан облысында полиция есірткі зертханасын жойды. Оны Арыс қаласындағы екі ағайынды ұйымдастырған, деп хабарлайды kznews.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Полиция ақпаратынша, қаланың шетінде орналасқан жеке тұрғын үйде ағайынды екі ер адамның синтетикалық есірткіні ірі көлемде заңсыз өндіруді ұйымдастырғаны анықталған.

"Оқиға орнынан тінту кезінде жарты тоннаға жуық сұйық мефедрон, 1,5 тонна прекурсор алынды. Оларға сараптама тағайындалды. Сондай-ақ реактор, колбалар, магниттік араластырғыш, канистрлер, пластикалық науалар және есірткі өндіру белгілері бар өзге де құрал-жабдықтар тәркіленді", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Осы ретте ІІМ есірткі өндіруді жолға қоюға бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.