Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан мен Шымкент арасында жүрдек пойыз жүре бастады

Түркістан мен Шымкент арасында жүрдек пойыз жүре бастады

Қаңтардың 4-інен Түркістан мен Шымкент арасында жүрдек пойыз жүре бастады. Бұл туралы Азаттыққа Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, жүрдек пойыз аптасына екі рет қатынайды. Дүйсенбі күні Шымкенттен Түркістан қаласына сағат 05:45-те шығады, жұма күні Түркістаннан Шымкентке 19:25-те шығады. Пойыз тек Арыс қаласына аялдайды.

"Пойызда 175 орын бар. Жолақысы - 609 теңге. Пойыз жолда 2 сағат 15 минут жүреді" делінген хабарламада.

Әкімдік бұл пойыз Шымкенттен Түркістанға көшіп келушілерге жеңілдік ретінде жүре бастағанын айтады.

Түркістан облысының әкімдігі былтыр тамыздың 17-сі күні ресми түрде Шымкенттен көшкен. Әкімдік аппаратының 800-дей қызметкерімен бірге 24 басқарма, облыс мәслихаты және министрліктердің аймақтағы департаменттері де Түркістанға көшкен.

19 маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлық шығарды. Жарлыққа сай, Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болды, ал халқының саны миллионға жеткен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Мадияр