Бұл туралы Түркіменстанның Құрылыс және архитектура министрлігінің Мемлекеттік экспертизалар басқармасының басшысы Мурад Непесов мәлімдеді. Непесов 35 кабатты ғимарат орталық қаланың солтүстігінде салынып жатқан "Ашғабад-сити" кешенінің аймағынан орын алатынын айтты.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов былтыр астанада "Ашғабад-сити" салынады деп мәлімдеген. Жобаға сәйкес, кешеннің жалпы аумағы 744 гектарды құрайды және ол жерден 200-ден астам ғимарат салынады.