Іс сотқа жолданды, деп хабарлайды kznews.kz елордалық прокуратураға сілтеме жасап.
Тергеу мәліметі бойынша, 2023 жылдан 2025 жылға дейін апалы-сіңілі екі әйел жұбайларымен бірге елордадағы тұрғын үй кешендерінде интим қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырған.
"Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына күзетшілер, әкімшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қызметтерді жарнамалаумен айналысқан тұлғалар кірген. Ұйымдастырушылар қаладағы түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс, тұрғылықты үй, қауіпсіздік және құпиялылықты қамтамасыз етуге уәде берген, - деп хабарлады прокуратура.
Клиенттерді пәтерлерде күштеп ұстаған
Бұдан бөлек, тергеу барысында қылмыскерлер клиенттердің алкогольдік масаң күйін пайдаланып, оларға күш қолданып, ақшалай қаражаттарын бопсалағаны, сондай-ақ оларды жалға алынған пәтерлерде заңсыз ұстағаны анықталған.
Барлық 15 фигурант ұсталды. Оларға қатысты күзетпен ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.
Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жолдады.