Президент Нұрлыбек Нәлібаевты 3 айдан кейін қайта сол қызметіне тағайындады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Түнде тіземнен ұстады»: пойыздағы жолаушының әрекеті бойжеткенді шошытты

«Түнде тіземнен ұстады»: пойыздағы жолаушының әрекеті бойжеткенді шошытты
Фото: видеодан скриншот

Қызылордадан Алматыға бағыт алған пойызда жас жолаушы өзімен бір купеде болған 65 жастағы ер адамның орынсыз әрекетіне тап болғанын айтып, әлеуметтік желіде шағымданды. Оқиға 29 тамызда болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Жас қыздың айтуынша, ер адам жол бойы оған қайта-қайта қарап, бірнеше рет тым жақын келген. Оның сөзінше, жолаушы тіпті аяғын тигізіп, мазасын алған.

Жағдай түнде күшейген. Қыз ұйықтап жатқан кезінде ер адамның тізесінен ұстағанын сезгенін айтып отыр. Осыдан кейін ол болған жағдайды телефонға түсіріп алған.

Қыз бірден жолсерікке хабарлаған. Оның айтуынша, жолсерік полиция шақыруды ұсынған. Алайда жолаушы сол сәтте құқық қорғау органдарына ресми түрде арыз жазбаған.

Кейін қыз оқиға туралы әлеуметтік желіде жариялап, мұны жеке басына қатысты мәселе ретінде ғана емес, пойызда өзге жолаушылар да сақ болуы үшін бөліскенін түсіндірді.

Қазір аталған жағдайға қатысты ресми органдар тарапынан нақты түсініктеме немесе құқықтық баға берілген жоқ. Сондықтан әлеуметтік желіде айтылған жайттар әзірге қыздың жеке мәлімдемесі ретінде қарастырылып отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.