"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Түнде салют атып, көршілердің мазасын алды": Абай Бегейдің әйелі туған күнін тойлаймын деп сынға қалды

"Түнде салют атып, көршілердің мазасын алды": Абай Бегейдің әйелі туған күнін тойлаймын деп сынға қалды

Танымал әнші Абай Бегейдің әйелі блогер Фариза Жұманова туған күн тойлаймын деп сынға қалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің жұбайының туған күніне құрбылары мен жақындары жиналған. 

“Бүгін дүние есігін ашқан күнім. Жаңа жасым берекемен келсін. Жақындарым жанымда менен асқан бақытты адам жоқ", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогердің жекеменшік мерекесіне ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. Алайда көршілері түнде туған күн тойлаған танымал отбасын сынады. 

“Туған күн құтты болсын! Бірақ түнгі 0:00-де қатты ән қойып, салют атуды қоясыздар ма?! Балам шошығаннан бір сағат жылады. Дәл қасыңыздағы көршілеріңізбін", – деді желі қолданушысы. 

Еске салайық, Абай Бегейдің қызы 162 миллион теңге заңсыз ақша тапты деп айыпталған еді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.