"Алматыда самсадан чип шықты" – дәмхана иелері "цифрландырудан" хабарсыз
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түнде Іле Алатауында екі қыз жоғалып кетті

Түнде Іле Алатауында екі қыз жоғалып кетті
Фото: windhorsetour.com

Түнде Іле Алатауында адасып қалған екі қыз табылып, құтқарылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, "Букреева" шыңында тауға шығу кезінде 2009 жылы туған екі қыз адасып кеткен. Олар жеті адамнан тұратын топ құрамында тауға шыққан, алайда «Пионер» тау кешеніне қарай түскен кезде қалғандарынан қалып қойып, олармен байланыс жоғалған.

Іздеу түнгі уақытта, қиын ауа райында жүргізілді.Тауда жаңбыр жауып, қозғалыс пен жерді тексеруді едәуір қиындатты.
 

"Адасқан қыздар тауда қатты тонып және шаршап қалған күйде табылды. Құтқарушылар оларға қажетті көмек көрсетіп, қыздарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Қыздар таудан аман-есен түсіріліп, туыстарына тапсырылды", - делінген хабарламада.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі