Freedom Finance-тың бұрынғы топ-менеджері ҚазТАГ-тан жеңіліп қалды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Туған-туыстары Сұлтанның бейнесін толық сипаттап бере алмай отыр" – журналист

"Туған-туыстары Сұлтанның бейнесін толық сипаттап бере алмай отыр" – журналист
ашық дереккөзден

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай YouTube желісіндегі "Алаш Орда" арнасына берген сұхбатында Атырау облысында кең резонанс тудырған оқиғаға қатысты көзқарасын білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Тележурналист сөзінде еліміздің батыс өңірлерінен, атап айтқанда Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Орал аймақтарынан Сириядағы соғыс аймағына кеткен азаматтар саны аз болмағанын атап өтті. Оның айтуынша, аталған өңірлерден келген хаттардың шамамен 30 пайызы діни мәселелерге қатысты болған. Осы тұрғыда қазіргі таңда басты күдікті ретінде аталып жүрген Сұлтан Сәрсемалиевтің де дін жолын ұстанғаны белгілі болып отыр.

«Әсилә апайдан «Сұлтан қандай күйеу бала болды?» деп сұрадым. Апайдың айтуынша, Сұлтан 10-11 жыл бұрын Ақбаянды алып қашып кеткен екен. Біз бен сіз тұрмақ, оның туған-туыстары мен айналасындағы адамдардың өзі Сұлтанның бейнесін толық сипаттап бере алмай отыр. Себебі олар оны тек сырттай көрген, не өтіп бара жатқанда, не келген кезде төмен қарап амандасып кететін болған.

Бұл оның мінезі ме, әлде «Сезікті бұрын секірер» дегендей, әу бастан бет-жүзін жасырып, адамдардан алшақ жүріп, бір нәрсеге дайындалғаны ма – бұл полицияның құзырындағы мәселе. Жалпы ол туғаннан сондай тұйық па еді, әлде кейін өзгерді ме? Әлде арнайы бір мақсатпен әккі әрекетке барып, қылмыс жасауға дайындалды ма? Мұның бәрін полиция мен психологтар тексеруі керек. Зерттейтін мәселе көп», – дейді тележурналист.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер