KZNews.kz
Қоғам

Туды өртеп, елтаңбаны талқандаған адамдардың кімдер екені белгілі болды

Торғын Абушахман
Фото: kursiv.media

Туды өртеп, елтаңбаны талқандаған бейнежазбаның қай жерде түсірілгені белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желіде тараған мемлекеттік туды өртеп, елтаңбаны талқандаған видеоның қайда түсірілгені белгілі болды. Желі қолданушыларының сынына қалған бейнежазба Павлодардағы мектептердің бірінде түсірілген.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 5 ақпанда Павлодардағы М.Жүсіп атындағы мектепте заңға сай, мектеп комиссиясы тарапынан ұлттық стандарт пен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін заттарды жою жұмыстары жүргізілген.

«Аталған іс-әрекеттердің бейнетіркеуі тек қызметтік мақсатта жүргізілген және таратуға арналмаған. Іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібіне тиісті деңгейде бақылау жасалмауына байланысты мектеп басшысына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды», – делінген білім бөлімінің хабарламасында.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →