Қоғам

“Трос үзілді”: Астанада сот ғимараты алдындағы пандустан арбадағы әйел құлап кетті

“Трос үзілді”: Астанада сот ғимараты алдындағы пандустан арбадағы әйел құлап кетті
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп, әйел ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен жанның аты-жөні — Зилейха Сафарова. Ол бұрын «Самұрық-Қазына» қорында еңбек етіп жүріп омыртқасын сындырып алған, қазіргі уақытта I топтағы мүгедек. Сафарова сол күні бұрынғы жұмыс берушісіне қарсы өтемақы ісі бойынша сот отырысына келген.

Соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, лифт көтеріліп келе жатқан сәтте трос үзіліп, әйел шамамен 70–80 сантиметр биіктіктен құлаған. Оған алғашқы көмек көрсетіліп, есі бар күйінде ауруханаға жеткізілген.

Қызмет көрсетуші «Капитал Лифт» ЖШС өкілдері оқиға орнына келіп, тексеру жүргізді. Алдын ала дерек бойынша, апатқа тростың үзілуі себеп болған. Оқиға бойынша полиция тексеру бастаған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz