“Әндерді жатқа біледі”: Джеки Чанның Ақтаудағы әрекеті жұртты таңдай қақтырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Триллионер еді“. Илон Маск миллиардтаған долларынан айырылды

“Триллионер еді“. Илон Маск миллиардтаған долларынан айырылды
фото: ашық дереккөз

Америкалық кәсіпкер Илон Масктің дәулеті енді триллион доллардан аспайды. Оның компанияларының акциялары арзандағаннан кейін, Масктің байлығы жүз миллиард доллардан аса сомаға күрт азайды, деп хабарлайды kznews.kz.

Маск бұл жағдайын X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жазба жариялап, көпшілік алдында мойындады.

Жазбасында ол өзін "бұрынғы триллионер" деп атады.

Осы уақытқа дейін Масктің жазбасы шамамен 25 миллион қаралым жинаған.

Еске салайық, жаздың басында Илон Маск әлемдегі алғашқы триллионер атанды. Бұл оған тиесілі SpaceX компаниясының IPO-сынан кейін мүмкін болды. Forbes мәліметінше, IPO-ға дейін Масктің SpaceX-тегі шамамен 42 пайыз болатын үлесі 500 миллиард долларға бағаланған. Акцияларды орналастырғаннан кейін бұл үлестің құны шамамен 690 миллиард долларға дейін өсіп, кәсіпкердің жалпы байлығы триллион доллардан асты.

Алайда Маск бұл мәртебені ұзақ сақтай алмады. Екі аптаға жетер-жетпес уақыт ішінде оның байлығы 118 миллиард долларға азайып, 957 миллиард доллар болды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.