Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Трамптың Ормуз бұғасына қатысты мәлімдемесі талқыға түсті

Трамптың Ормуз бұғасына қатысты мәлімдемесі талқыға түсті
Фото: Modern.az

АҚШ-тың бұрынғы президенті Donald Trump өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде Ормуз бұғазы мен өңірдегі мұнай қорларына қатысты пікір білдіріп, қоғам назарын аудартты, деп хабарлайды kznews.kz.

Трамп жазбасында аз ғана уақыт берілсе, Ормуз бұғазын бақылауға алып, мұнай өндіру арқылы қомақты табыс табуға болатынын атап өткен. Оның айтуынша, мұндай мүмкіндік жүзеге асса, бұл бүкіл әлем үшін үлкен экономикалық серпіліс әкелуі мүмкін.

Бұл пікір Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал күрделеніп, мұнай нарығында тұрақсыздық байқалып тұрған кезеңде жарияланды. Ормуз бұғазы – әлемдік мұнай тасымалының аса маңызды бағыттарының бірі. Сол себепті бұл аймаққа қатысты кез келген мәлімдеме халықаралық деңгейде бірден қызу реакция туғызады.

Трамптың сөздері әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, сарапшылар арасында да түрлі пікірлерге себеп болды. Кейбір мамандар мұндай риторика жаһандық энергия ресурстарының қауіпсіздігі мен жеткізілім тұрақтылығына қатысты алаңдаушылықты арттыруы мүмкін екенін атап өтуде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.