«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Трамптың бұрынғы адвокаты түрме жазасына кесілді

Трамптың бұрынғы адвокаты түрме жазасына кесілді

АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы адвокаты Майкл Коэнге үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Нью-Йорктегі Манхэттен федералдық соты Майкл Коэнді Конгреске жалған ақпарат берді, сайлау кампаниясын қаржыландыру жөніндегі заңды бұзды және салықтан жалтарды деп айыптады.

Тергеу мәліметі бойынша, Коэн екі әйелге "Трамппен ашыналық қарым-қатынасын жасыру үшін" 130 мың доллар пара беру кезінде делдал болған. Ол сонымен қатар Конгреске АҚШ президентінің Мәскеудегі құрылыс жобасы жөнінде жалған ақпарат берген.

Прокурорлар АҚШ президенті әйелдерге ақша беру жөнінде Коэнге тікелей өзі тапсырма берген деп есептейді. Мемлекеттік айыптаушылар президент пен оның адвокаты сайлау кампаниясын қаржыландыру жөніндегі заңды бұзды деп санайды. Заңға сәйкес, төлем жүргізу ашық болуы керек әрі адам басына 2700 доллардан аспауы тиіс.

52 жастағы Майкл Коэн екі айып бойынша да кінәсін мойындады.

Дональд Трамп болса бұл іске қатысты айыбын мойындамайды. Оның адвокаты Руди Джулиани екі әйелге президент беделін түсірмеу үшін ақша төленді деп есептейді.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Бауыржан