АҚШ президенті Вашингтон Гавана билігімен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтып, Кубаны "достық жолмен" өз бақылауына алу мүмкіндігін жоққа шығармады, деп хабарлайды kznews.kz.
Euronews басылымының жазуынша, Техасқа сапары алдында Ақ үй жанында журналистерге мәлімдеме жасаған америкалық көшбасшының айтуынша, мемлекеттік хатшы Марко Рубио Куба басшылығымен "өте жоғары деңгейде" келіссөздер өткізген.
"Оларда ақша жоқ. Қазір ештеңесі жоқ. Бірақ олар бізбен сөйлесіп жатыр. Мүмкін, біз Кубаны достық жолмен бақылауға алатын шығармыз", – деді ол.
Сондай-ақ президент Кубаны "жұмсартып айтқанда, сәтсіз мемлекет" деп атап, бұл ел АҚШ-тың көмегіне мұқтаж екенін жеткізді.
Трамптың мәлімдемесі Куба үкіметі Флоридада тіркелген жылдам жүретін қайықта отырған, АҚШ-та тұратын 10 қарулы кубалық елдің солтүстік жағалауындағы әскери қызметкерлерге оқ атқанын хабарлағаннан екі күн өткен соң айтылды.
Куба тарапының мәліметінше, жауап атыс барысында қарулы төрт адам қаза тауып, алтауы жараланған. Сондай-ақ бір кубалық шенеунік жарақат алған.