KZNEWS.KZ
Қоғам

Трамп жұма күні Ресейге баратынын айтты

• Айгерім Асылова

Америка президенті Дональд Трамп Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында жұма күні Ресейге баратынын мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

АҚШ президенті басқа мәліметтерді келтірмеді. Тек:

"Путинді жақын арада көремін, жұма күні Ресейге барамын", - деді.

Алайда бұрын Трамп пен Путиннің 15 тамызда Аляскада кездесетіні хабарланған еді. 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →