Мәжіліс "Елбасы" орденін сақтап қалды: мемлекеттің наградалық саясатында не өзгерді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Трамп өзін өлтірген немесе қастандық жасалған жағдайда вице-президентке құпия хат қалдырған

Трамп өзін өлтірген немесе қастандық жасалған жағдайда вице-президентке құпия хат қалдырған
Фото: shutterstock

Дональд Трамп АҚШ президенті қызметін атқару кезінде төтенше жағдай болып, мемлекет басшысы лауазымын қабылдау қажет болса, вице-президент Джей Ди Вэнс үшін арнайы нұсқаулық қалдырған. Бұл туралы Ақ үй өкілі Себастьян Горка New York Post басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Горканың айтуынша, Овал кабинетіндегі Resolute Desk үстелінің жәшігінде Вэнске арналған хат сақтаулы тұр.

«Resolute Desk үстелінің жәшігінде вице-президентке арналған хат жатыр. Егер оған (Трампқа) бірдеңе болса, сол жағдайға арналған»,- деді Ақ үй өкілі.

Сонымен қатар Горка Трампқа шетелдік қарсыластары тарапынан қастандық жасалуы мүмкін деген қауіптен қорықпайтынын айтты. Дегенмен ол АҚШ-та биліктің сабақтастығын қамтамасыз ететін арнайы хаттамалар бар екенін атап өтті.

«Бізде хаттамалар бар, маған сеніңіздер. Мен олар туралы толық айта алмаймын, бірақ ондай хаттамалар бар», — деді шенеунік.

Бұған дейін сәуірде Washington Hilton қонақүйінде Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асы өтіп жатқан кезде атыс болған еді. Қарулы адам Құпия қызметтің бақылау бекетін бұзып өтпек болған. Оқиға салдарынан бір қызметкер жараланды, қаза тапқандар жоқ. Жалпы бес-сегіз ретке дейін оқ атылған. Трамп, оның жұбайы және шараға қатысушылар шұғыл түрде эвакуацияланды.

Кейін баспасөзге арналған брифингте Трамп өзін шабуылшының негізгі нысанасы болуы мүмкін деп болжады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі