Дональд Трамп Ауғанстандағы әскери қақтығыс Кеңес Одағының ыдырауына қалай әсер еткенін түсіндірді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Кеңес Одағының ыдырау себебін түсіндірді деп жазады sputniknews.kz.
Америка басшысының пікірінше, КСРО-ның күйреуіне Ауғанстандағы соғыс себеп болған.
"Ресей Кеңес Одағы болды. Бұл ел Ауғанстанда соғысып, әбден азып тозған кезде Ресей атанды", — деді Трамп Fox News телеарнасының эфирінде.
Ол КСРО тәлібтердің террорлық қауіп-қатер төндіруіне байланысты Ауғанстанға әскер кіргізгенін атап өтті.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!