KZNews.kz
Шоу-бизнес

Трамп коронавирусқа қарсы қандай препарат қолданып жүргенін айтты - Қазақстан жаңалықтары

KZNEWS

Дональд Трамп Ақ үйде өткен брифингте коронавирустық инфекцияны жұқтыруды алдын алуда гидрокихлорохинді қабылдай бастағанын айтты, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп.

Хлорокин және оның туындысы, гидроксиxлорохин малярия мен қызыл жегі ауруы кезінде қолданылады. 

"Мен оны шамамен бір жарым апта бойы қабылдадым және әлі сіздермен біргемін", - деді Трамп.

Гидроксихлорокиннің коронавирустық инфекцияны алдын алуда тиімді екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ, дегенмен клиникалық зерттеулер АҚШ, Ұлыбритания, Испания және Қытайда жүргізіліп жатыр.

Трамптан дәрінің тиімділігі туралы сұрағанда, ол: «Менің дәлелдерім, бұл жайында көп оң пікір алдым», - деп айтқан. 

Трамп осыған дейін бірнеше рет гидроксихлорокинді қолдануға шақырған, бұл препаратты Covid-19 жұқтырған науқастармен жұмыс істейтін дәрігерлер қабылдағанын атап өткен.

"Сіз оны қанша адам қабылдайтынын білсеңіз, таңғалар едіңіз, әсіресе эпидемияға қарсы жұмыс істейтіндер бұл препаратты қолданады", - деді ол журналистерге.

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) сәуірде коронавирусқа қарсы гидроксихлорохиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы ешқандай дәлел жоқ деген ұсыныс жасады.


stan.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары