Банктерде не болып жатыр: несие өскенімен, табыс қысымда қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Трамп балаларға жынысын ауыстыру бойынша оталарды қаржыландыруға тыйым салды

Трамп балаларға жынысын ауыстыру бойынша оталарды қаржыландыруға тыйым салды
фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік медициналық көмек бағдарламасы аясында кәмелетке толмағандар үшін жынысты ауыстыру операциялары мен гормондық терапияны қаржыландыруға тыйым салынғанын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

"Бүгін менің нұсқауым бойынша доктор Мехмет Оз Medicaid бұдан былай кәмелетке толмағандарға жынысты ауыстыру операциялары мен гормондық терапияны қаржыландырмайтынын мәлімдеді. Біз кінәсіз балаларымыздың жас тәніне орны толмас зиян келтіретін мұндай тағылық операциялар мен тәжірибелер үшін ақы төлемейміз", - деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Трамп кейінгі жарты жылда АҚШ-тағы ондаған аурухана "гендерлік растаушы көмек" деп аталатын қызметтерді көрсетуді тоқтатқанын айтты. Ол басқа да медициналық мекемелер осы үлгіні ұстанатынына сенім білдірді.

БАҚ ақпаратынша, тыйым жыныстық жетілуді тежейтін препараттарға, гормондық дәрілерге және хирургиялық операцияларға қолданылады. Жаңа ережелер 13 қазанда күшіне енеді.

Бұған дейін Трамп кәмелетке толмағандарға гендерлік ауысуға байланысты медициналық көмек көрсетуді шектеуді қолдаған болатын. Қаңтар айында ол мұндай процедураларды федералдық қолдауды тоқтатуға бағытталған жарлыққа қол қойды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.