Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тойда экс-келінін ұрған ер адам үйқамаққа жіберілді

Тойда экс-келінін ұрған ер адам үйқамаққа жіберілді

Түркістан облысында полиция соттың үйлену тойында ән айтқаны үшін бұрынғы келінін бірнеше рет ұрған ер адамды не себепт үйқамаққа жібергенін түсіндірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, алғашында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Кейін соттың санкциясымен оған тергеу кезеңінде бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ түрі қолданылды.

“Қазір қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді полиция.

Сондай-ақ ведомство ер адамның біреуді қорқытқаны туралы ешкімнен арыз-шағым түспегенін алға тартты.

“Соған қарамастан, тергеу барысында барлық уәждер мұқият зерттеледі. Тергеу аяқталғаннан кейін оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаларға құқықтық баға беріледі”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, оқиғаға қатысты Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша “ұрып-соғу” бабымен қылмыстық іс қозғалғанын растады. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілген.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.