Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Төртінші билік: сөз бостандығының "қызыл сызығы"

Төртінші билік: сөз бостандығының "қызыл сызығы"
Фото: istockphoto.com

Елімізде журналистердің кәсіби мерекесі тойланып жатыр.Төртінші билік атауына ие сала мамандарына деген құрмет биыл тіптен ерекше байқалды деуге болады.

Өйткені, осы сәтте журналистерге мемлекеттік марапат пен ресми атақ тапсырудан бөлек, Президент атынан баспана беру үрдісі де қалыптасты.

Біз осындай айтулы күннің аясында марапат алған журналистер мен баспаналы болған әріптестерімізді шын жүректен құттықтай келе, еліміздегі жалпы БАҚ жағдайына, тұтас сөз бостандығына қатысты мәселелерге де мән беріп отырмыз. 

Әлем елдеріндегі сөз және баспасөз бостандығының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізетін халықаралық Reporters Without Borders деген ұйым бар. Осы RSF әлемнің 130 шамалы елінде журналистердің құқықтарын қорғаумен айналысады және сөз бостандығын шектеу фактілеріне халықаралық деңгейде назар аудартып келеді.

Елімізде "Шекарасыз тілшілер" атауымен танымал болған бұл агенттіктің болжамдары мен сараптамалары ресми биліктің қолайына жаға бермейтіні және бар. Өйткені, ұйымның жыл сайын жария болатын есептерінде Қазақстандағы баспасөз еркіндігі мен сөз бостандығына қатысты өлшемдер үнемі сынға алынатыны жасырын емес.

Мәселен, биылғыReporters Without Borders рейтингі бойынша Қазақстан 180 елдің ішінде 149-орынға орналасты. Елдің жалпы индексі 34,41 балл болды. Ал бір жыл бұрын біз 141-орында тұрған едік. Демек, бір жыл ішінде ел сегіз сатыға төмендеген.

Өз талдауларында RSF сарапшылары Қазақстанда тәуелсіз медианың негізгі алаңы интернет кеңістігі ғана болып қалғанын, алайда, онлайн кеңістікке де бақылаудың күшейіп келе жатқанын атап көрсетеді. Ұйымның бағалауынша, елдегі медиа ортаның басым бөлігі мемлекетке немесе билікке жақын құрылымдарға тәуелді екен.

Ал дүниежүзіндегі журналистердің азаматтардың демократиялық таңдауын және сөз бостандығын қорғаумен айналысатын тағы бір әйдік ұйым - Freedom House агенттігінің 2025 жылғы есебінде Қазақстан рейтингтегі шекті 100 балдың 23 балын ғана жинап, " баспасөз еркіндігі шектеулі елдер" санатына енгізілген болатын Оның ішінде саяси құқықтар көрсеткіші 40 балдың бесеуін иеленсе, азаматтық бостандықтар көрсеткішіне сәйкес 60 балдың он сегізіне ғана қол жеткізе алған.

Яғни, Freedom House бағалауынша, Қазақстанда БАҚ тәуелсіздігі айтарлықтай шектелген-мыс. Пайым бойынша, ел Конституциясында баспасөз еркіндігі жарияланғанымен, негізгі медиа ресурстар мемлекетке немесе билікпен байланысты меншік иелеріне тиесілі, тәуелсіз журналистерге қысым көрсету және өзін-өзі цензуралау құбылыстары сақталып отыр деген қорытынды шыққан екен.

Айтпақшы, осы Freedom House биыл көктемде халықаралық алты құқық қорғау және медиа ұйымымен бірге Қазақстан Президентіне ашық хат жолдап, журналистерге қатысты қылмыстық істерді тоқтатуға және медиа заңнаманы қайта қарауға шақырған болатын. Ол хатта тәуелсіз журналистерді қудалау мен ақпарат құралдарына қысым көрсету фактілері де айтылған еді...

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.