Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тортай Сәдуақас | өмірбаяны

Тортай Сәдуақас |  өмірбаяны

Тортай  Сәдуақас 1954 жылы 20 сәуірде Көкшетау облысы, Шучье ауданының Кіндікқарағай ауылында туған. 

Қарағанды университетінің филология факультетін тамамдаған (1977). 1979–1995 жж. «Жазушы» баспасында редактор, Премьер-Министр Кеңсесінің Үкіметтік басылымдар редакциясында сарапшы қызметтерін атқарған. «Тұңғыш» (1978), «Жартастағы жаңғырық» (1981), «Жұмбақтас» (1982), «Биші қайыңдар» (1986), «Айнакөл айшықтары» (1989) жыр жинақтарының, тарихи-танымдық «Назарбай би және туған өлке тарихы» (2000), «Ел мен жер» (2003), «Астана аймағы» (2008) кітаптарының авторы. 

Украин жазушылары И.Франко мен И.Драчтың, белорус Я.Коластың, корей Мен Дон Уктың, молдован Г.Блэнарудың, югослав Дж. Катичтың және монғол ақындарының шығармаларын, сондай-ақ Ю.Поройковтың «Қас қағым сәт» атты кітабын тәржімалаған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.

Автор
Арман