Түркияда халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды kznews.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, ол 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Күдіктіні СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы мен ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстанның Анталья қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен ұстады.
Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында сыбайластарымен бірге алаяқтық жолмен 6 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген.
16 шілде күні ол Түркиядан Қазақстанға депортацияланды.
Сондай-ақ СҚО Полиция департаменті 2026 жылдың басынан бері алаяқтық қылмыстары бойынша іздеуде жүрген төрт адамның ұсталғанын хабарлады. Аталған қылмыстық істер бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі 568 миллион теңгені құрайды.