Әнші Төреғали Төреәлінің бұрынғы ассистенті болдым деген Балнұр атты қыз онымен бірге жұмыс істеу барысындағы ел білмейтін құпияларды ашып айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
ТикТок әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзін "Төреғали Төреәлінің бұрынғы ассистенті болып екі жылдан астам уақыт жұмыс істедім" деген Балнұр: "Танымал әншінің ассистенті болып жұмыс істеген жылдары жұлдыздардың жұрт білмейтін өмірлері туралы көп нәрсеге куә болдым.
Танымал азаматтардың жеке өмірге деген уақыты жоқ. Қолдары қалт ете қалса, сторис түсіріп, контент жасайды. 20-30 секундтық роликте қаншама сағаттық еңбек жатқанын бәрі біле бермейді.
Ал Төреғалидың жеке өзі туралы айтсам, ол өте мықты артист. Талапшыл, жинақы және әділ. Ал адам ретінде өте қарапйым", деп өнер адамдарының көмекшісі болып жұмыс істеу оңай емесін айтты.