Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Төрешілер ұпай бергенде, белдесу басқаша өрбитін еді

Төрешілер ұпай бергенде, белдесу басқаша өрбитін еді

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Париждегі Grand Slam турнирінен елге оралды. Ерлер құрамасы рейтингілік додадан 2 күміс иеленсе, қыздар командасында бір қола медаль бар. 

90 келі салмақта финалға дейін жетіп, әлем чемпионына есе жіберген Ислам Бозбаев Olympic.kz айтына пікір білдірді. 

- Негізі, финалдық белдесуде төрешілер "ваззари" ұпайын бермей қойды маған. Егер сол ұпайды алғанымда, жекпе-жек әрі қарай басқаша өрбитін еді. Парижден бұйырғаны күміс медаль екен. Финалда күрескен Оңтүстік Корея балуанымен бұрын да кездескенмін. 2017 жылы Гонконгта өткен Азия чемпионатының жартылай финалында жолығып, жеңіс менің қанжығамда кеткен. Бұл жолы алтын қарсыласыма бұйырды. Әрине, мұнымен тоқтап қалмаймыз. Біздің басты мақсатымыз - Олимпиада ойындарына жолдама алу. Париждегі турнирге дейін рейтингте 11-ші орында тұр едім. Енді 8-ші сатыға көтерілдім. Бұдан да биік нәтиже тіркеп, сол биіктен түспеуге тырысамыз, - дейді Бозбаев. 

Еске сала кетейік, Ислам Бозбаев алдағы уақытта Екатеринбургтегі Grand Slam турниріне қатысады. 


Дереккөз: prosports.kz/kz
Автор
Мадияр