Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаевтың шешімімен Бағанашылдағы балалар үйі көшірілмейтін болды

Тоқаевтың шешімімен Бағанашылдағы балалар үйі көшірілмейтін болды
Сурет: Ақорда

Тоқаевтың тапсырмасымен Бағанашылдағы балалар үйі көшірілмейтін болды

ҚР Президентінің кеңесшісі, Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге қатысты жағдайдан хабардар.

Президент Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға балалардың оңтүстік астанада білімін жалғастыруы үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және бұл нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.

Мемлекет басшысының бұл шешімінен кейін балалар үйін көшіру тоқтатылды. Енді тәрбиеленушілер өз үйренген орнында қалатын болды.

Сонымен қатар, аталған оқиғаға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың барлық заңды құқығы толықтай сақталатыны да атап өтілді.

Автор
Абзал Бахытжан

Абзал Бахытжан