Саясаттанушы Марат Шибутов Президент өкілеттігінің мерзімдеріне қатысты жаңа норманы түсіндірген Конституциялық соттың шешімі ең алдымен елдегі саяси элитаға арналған деп есептейді, деп хабарлайды kznews.kz.
"Конституциялық сот Президентті қайта сайлау мүмкіндігіне қатысты норманы түсіндіру мәселесіне нүкте қойып, саяси элитаға маңызды белгі берді. Енді президенттік институттың болашағына қатысты түрлі болжамдар мен алып-қашпа пікірлерді тоқтату қажет. Қолданыстағы Президенттің сайлауға қайта қатысу мүмкіндігінің расталуы саяси тұрақтылықты нығайтатын және елдегі ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ететін қосымша фактор ретінде қабылдануы тиіс", - деп жазды ол.
Сонымен бірге сарапшы бұл шешім Президенттің міндетті түрде қайта сайлауға түсетінін немесе болашақ саяси шешімдердің алдын ала анықталғанын білдірмейтінінн, әңгіме тек Конституцияда қарастырылған мүмкіндік туралы болып отырғанын, соңғы шешімді азаматтар сайлау арқылы қабылдайтынын айтады.
"Көпшілік Конституциялық сотқа жүгінудің негізгі мәнін дәл осыдан көруі мүмкін. Бұл — ел ішіндегі саяси күштерге берілген маңызды белгі: Қазақстан мемлекеттік институттардың тұрақтылығын сақтайды, барлық үдеріс тек құқықтық негізде жүзеге асады және президенттік билік жүйесінің әлсіреуін немесе саяси процестерді жасанды түрде жеделдетуді күтетін болжамдарға орын жоқ", - дейді ол.