KZNEWS.KZ
Басты тақырып

Тоқаевтың күзет қызметінің бұрынғы бастығы енді төтенше жағдайлар министрлігін басқарады

• Данияр

Мемлекет басшысының жарлығымен Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Ол президент күзет қызметінің басшысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Әрінов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультетінде оқыған. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, мамандығы – құқықтану.

Азаматтық авиация академиясында білім алған. Мамандығы "Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану".

2006-2022 жж. Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызмет;

2022 жылғы қаңтарда президент Өкімімен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалған.

ІІ, ІІІ дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалімен және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл", "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық  медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.

Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →