Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаевтың инаугурациясына дайындық қалай жүріп жатыр

Тоқаевтың инаугурациясына дайындық қалай жүріп жатыр

Нұр-Сұлтандағы "Қазақ елі" алаңында сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсіміне басты дайындық өтіп жатыр

12 маусымда 10:30-да Тәуелсіздік сарайында Тоқаев ресми түрде мемлекет басшысы лауазымын иеленеді. Салтанатты рәсімге орекстр, әртүрлі бөлімдердің әскерилері қатысып, зеңбірек дүркіндері де болады.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға мәлімет бергендей, рәсімге құрметті қарауыл ротасы да қатысады екен.

Қауіпсіздік үшін алаңды металл қоршаумен қоршап қойған. Қаланың коммуналдық қызметі рәсім өтетін жерді тазартып жатыр. Тарихи күні бәрі жоғары деңгейде болуы тиіс.

Қазақстандықтар ұлықтау рәсімін мемлекеттік арналардың эфирінде тамашалай алады.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр