Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
фото: ашық дереккөз

10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды kznews.kz.

“Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады”, – делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пәкістандық The News International газетіне берген сұхбатында Гренландияны әскери жолмен басып алу мәселесіне халықаралық құқық пен прагматикалық шешімдер тұрғысынан қарау қажет екенін айтқан еді. 

Президенттің айтуынша, ықтимал нұсқалардың бірі АҚШ пен Дания арасында Гренландия аумағын 120 жыл мерзімге жалға алу туралы келісім жасалуы мүмкін.

"Осы кезде Гренландия заңды түрде Данияның құрамында қала береді, яғни оның егемендігі бұзылмайды. Ал келісімнің практикалық қырлары ортақ стратегиялық мүдделерге сай болар еді. Диалог, жауапты саясат және халықаралық құқықты құрметтеу негізінде тараптар ақырында прагматикалық әрі өзара қабылданатын шешімге келеді деп шын жүректен үміттенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.