KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тоқаев Тамара Асарға «Халық әртісі» атағын берді

Айжан Сыланова
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы бірнеше этно-мәдени орталық өкілдеріне «Ел бірлігі» орденін табыс етсе, мәдениет саласының белгілі тұлғаларына «Қазақстанның халық әртісі» атағын берді.

«Мәдениет – ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан өмірін өнерге арнаған азаматтарға әрдайым құрмет көрсетеміз. Руханиятқа сіңірген еңбегі үшін Болат Әбділманов, Тамара Асар және Шынар Жанысбекова “Қазақстанның халық әртісі” атағына лайық деп танылды», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Нина Жмеренецкая, Бақыт Қажыбаев, Зарина Алтынбаева және Әйгерім Алтынбек «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →