Саяси сауалнама: тұрғындардың 87,8 пайызы елдің саяси даму бағытын қолдайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев тағы сайлауға түсе ме? Конституциялық сот жаңа құқықтық жүйеге түсіндірме берді

Тоқаев тағы сайлауға түсе ме? Конституциялық сот жаңа құқықтық жүйеге түсіндірме берді
Фото: ашық дереккөздерден

Еліміздің Конституциялық соты Президенттің өтініші бойынша жаңа Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Сот қаулысына сәйкес, 1995 жылғы Конституция кезеңінде мемлекеттік лауазымдарды атқарған тұлғалар 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституция аясында сол немесе ұқсас лауазымдарға қайта сайлана немесе тағайындала алады.

Конституциялық сот жаңа Конституцияда көзделген мерзімдік және өзге де шектеулер тек 2026 жылғы 1 шілдеден кейін жүзеге асырылатын сайлау мен тағайындауларға ғана қолданылатынын нақтылады. Ал 1995 жылғы Конституция қолданыста болған кезеңдегі өкілеттік мерзімдері мен тағайындаулар есепке алынбайды.

Осылайша, Конституциялық соттың ресми түсіндірмесіне сәйкес, қолданыстағы құқықтық тәртіп аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президенттік сайлауға кандидат ретінде қатысу құқығына ие бола алады.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.