KZNews.kz
Басты тақырып

Тоқаев шенеуніктердің жылу беру маусымына дайындығын тексеруді тапсырды

Нұрсұлтан

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен орталық және жергілікті органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Президент жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды.

Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →