Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды kznews.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс бергеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.
Мемлекет басшысы бүгінгі сайлауды Қазақстан үшін тарихи оқиға деп бағалады. Оның айтуынша, елде алғаш рет бір палаталы Құрылтайға сайлау өтіп жатыр.
- Әрине, бүгін еліміз үшін шын мәнінде тарихи күн. Біз алғаш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ұлт ретінде жұмылып, ауқымды реформаларды жүзеге асырып келеміз. Бұл туралы баршаңыз жақсы білесіздер және болып жатқан өзгерістердің куәсісіздер. Біз елеулі нәтижелерге қол жеткіздік. Сонымен қатар алда атқаратын жұмысымыз әлі де көп, ал алдымызға қойған мақсаттарымыздың маңызы ерекше. Бүгінгі сайлау – осы үлкен жұмыстың бастауы ғана», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.