ҚДБ басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
"Жалғыз акционердің ("Бәйтерек" ҰБХ» АҚ) 24.01.2022 жылғы шешімімен Абай Сарқұловтың "Қазақстанның даму банкі" АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 25.01.2022 жылдан бастап ҚДБ басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін Банк басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева тағайындалды", - делінген хабарламада.