Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев қатерлі ісікті емдейтін бірегей қондырғы туралы айтты

Тоқаев қатерлі ісікті емдейтін бірегей қондырғы туралы айтты

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мемлекет басшысы белгілі ғалым-нейрохирург Серік Ақшолақовты қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда қатерлі ісік, ми тамырлары мен функционалды ауруларды емдеуге арналған "Гамма-пышақ"  қондырғысы іске қосылады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жазды.

"Елбасымыз Қазақстанның Еңбек ері мәртебелі атағымен марапаттаған, белгілі ғалым-нейрохирург Серік Ақшолақовты қабылдадым. Қатерлі ісіктерді, ми тамырлары мен функционалды дерттерді емдеуге арналған "Гамма-пышақ" атты бірегей қондырғының жақында іске қосылатыны жөнінде мәлім етті", - деп жазды Тоқаев.

Бұған дейін Ақшолақов "гамма-пышақ" туралы Қазақстан нейрохирургтері IV конгресінің кулуарында айтқан еді.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар қатерлі ісікті сумен анықтаудың жолын тапты

"Алдағы он жылда алдымызға мүлде басқа міндеттер қойып отырмыз. Бұл заманауи технологияларды енгізу, соның ішінде Gamma Knife (гамма-пышақ) радиохирургиялық әдісімен ми ісіктері мен ми қан тамырлары ауруларын емдеу. Бұл науқастарды компьютерлік әдіспен сәулелендіру. Науқас 30-40 минут ішінде жазылып кетеді. 2019 жылы бұл әдісті енгізуді көздеп отырмыз", - деген болатын ол "Казахстанская правда" басылымына берген сұқбатында.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан