KZNEWS.KZ
Саясат

Тоқаев пен Путин Бішкекте оңаша кездесу өткізеді

Қайсар Қанат
Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин 1 қыркүйекте Бішкекте жеке кездесу өткізеді. Келіссөз Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында өтеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Ресей Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді.

Екі ел басшылары бұған дейін 25 шілдеде Омбыда өткен Қазақстан мен Ресейдің XXII өңіраралық ынтымақтастық форумында кездескен болатын.

Юрий Ушаковтың айтуынша, Омбыдағы келіссөз кезінде кейбір мәселелерді толық талқылауға мүмкіндік болмаған. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Бішкектегі кездесу барысында сол тақырыптарға қайта оралуды жоспарлап отыр.

Әзірге екі президенттің оңаша кездесуінде нақты қандай мәселелер талқыланатыны жарияланған жоқ.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →