77 млн теңге: "Атырау" футбол клубы сатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев пен Ердоған бірге отырды: Анталия дипломатиялық форумына кімдер барды?

Тоқаев пен Ердоған бірге отырды: Анталия дипломатиялық форумына кімдер барды?
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды kznews.kz. Ол жиын қожайыны Режеп Тайип Ердоғанмен бірге отырды.

Салтанатты іс-шарада Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөз сөйледі.

Сондай-ақ форум жұмысына Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова, Молдова Президенті Майя Санду, Сирия Президенті Ахмед Аш-Шараа, Бурунди Президенті Эварист Ндайишимийе, Конго Демократиялық Республикасы Президенті Феликс Чисекеди, Босния және Герцеговина Төралқасының Төрағасы Денис Бечирович, Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе және басқа да делегация басшылары қатысты.

Анталия дипломатиялық форумы – жыл сайын жоғары деңгейде өтетін халықаралық пікірталас алаңы. Іс-шара саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосады. Форум екіжақты және көпжақты байланыстарға, саяси консультациялар мен бейресми кездесулерге арналған тиімді платформа саналады.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының «Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» панелдік сессиясына қатысты. Іс-шараны Түркия Парламентінің депутаты, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы жүргізді.

Мемлекет басшысы Түркия Режеп Тайип Ердоғанның басшылығымен халықаралық аренадағы беделін арттырып келе жатқанын айрықша атап өтті

– Ең алдымен, көреген көшбасшы Режеп Тайип Ердоғанның жетекшілігімен Түркияның осы аймақта зор рөл атқаратынын айтқым келеді. Өңір әлсін-әлсін бетпе-бет келіп отырған өзекті мәселелердің шешімін табуға елдеріміз айтарлықтай атсалыса алады деп ойлаймын. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Президент Ердоғанның келесі айда Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанымызды жеткізгім келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Содан кейін Қазақстан Президенті биыл әлемдік қоғамдастық алдында тұрған және жақын перспективадағы халықаралық күн тәртібін қалыптастыратын негізгі сын-қатерлер мен үрдістер жөніндегі ой-пікірімен бөлісті.

– Дипломаттар мен саясаткерлер адамзат жолайрықта тұр дегенді мысал етеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның: «Біз әлі де жолайрықта тұрмыз» деп жиі айтатыны есімде. Халықаралық шиеленісті азайтуға қатысты айтар болсақ, бұл жағдай ешқашан өзгермейді. Қазіргі қақтығыстар өңірлік ауқымнан шығып, жаһандық сипатқа ие болды. Әрине, БҰҰ – баламасы жоқ әмбебап ұйым, сондықтан әрбір мемлекетке белгілі бір жауапкершілік жүктеледі. Біріккен Ұлттар Ұйымына қолдау көрсету керек екенін жұрттың бәрі айтады. Бұл – факт. Бірақ Ұйымға қолдау көрсетіп қана қоймай, оған реформа жасау керек. Бұл да шындық. Ашығын айтқан жөн, «Ұйымға тез арада реформа жасалады» дегенге ешкім сенбейді. Өйткені БҰҰ-ны реформалау, өзгерту, қызметін қайта қарау мәселесін көптен бері көтеріп жүрміз. Одан ешқандай нәтиже шыққан жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау, ең алдымен, Қауіпсіздік Кеңесінен басталуы керек екенін мойындауымыз қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.