Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктеріне зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуыл әрекеттерін айыптады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды kznews.kz.
Ақпаратқа сәйкес, шабуыл салдарынан көптеген бейбіт тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға нұқсан келген.
Мемлекет басшысы мұндай әрекеттер Таяу Шығыстағы ахуалды одан әрі ушықтыратынын жеткізді.
– Президент Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты одан әрі ушықтыратын мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайды деп санайды, – делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең тиімді әрі дұрыс жолы дипломатиялық тәсілдер екенін атап өтті.