Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Grammy жеңіп алған Иманбекті құттықтады

Тоқаев Grammy жеңіп алған Иманбекті құттықтады

Берік Уәли мемлекет басшысының музыкант Иманбек Зейкеновтің Grammy музыкалық сыйлығын алғаны туралы жаңалықты зор қуанышпен қабылдағанын жазды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілгені жайлы жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.

Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді", - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.

Еске салсақ, қазақстандық музыкант және диджей Иманбек Зейкенов "Грэмми" сыйлығын жеңіп алды.

Автор
Нұрсұлтан