Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Тоқаев Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкинді қабылдап, оны халықаралық федерация басшылығына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды kznews.kz.

Президент кездесу барысында Головкиннің әлемдік деңгейдегі спорттағы беделін ерекше атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, атақты боксшының World Boxing ұйымының президенті атануы – оның жаһандық боксты дамытуға қосқан зор үлесінің, кәсіби шеберлігінің және мінсіз репутациясының халықаралық деңгейде мойындалуының айқын көрінісі.

Сонымен қатар Президент Геннадий Головкиннің Ұлттық олимпиада комитетіндегі қызметін де жоғары бағалап, оның ел спорты үшін атқарып келе жатқан жұмыстары ерекше маңызды екенін айтты.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық спорттың дамуына сіңірген айрықша еңбегі үшін Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Өз кезегінде Геннадий Головкин Мемлекет басшысына көрсетілген сенім мен жоғары баға үшін алғысын білдірді. Ол Президенттің қолдауы өзін жаңа жауапты қызметте де жоғары міндеттерді атқаруға жігерлендіретінін айтты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.