Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев: «Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл – аксиома»

Тоқаев: «Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл – аксиома»
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының айтуынша, дамыған елдер ғылым мен жоғары технологияға басымдық беріп отыр. Әлемдегі геосаяси тұрақсыздық жағдайында жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып, кез келген мемлекеттің орны ғылымның даму деңгейіне байланысты айқындалатынын жеткізді.

«Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл – аксиома. Озық елдер болу үшін технологиялық бәсекелестік күшейіп келеді. Сондықтан біз де нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз қажет», – деді Президент.

Тоқаев Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналып, жасанды интеллектіні барлық салада қолдануы тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықаралық деңгейде жүргізілген келіссөздерге тоқталды. Қытайға ресми сапары аясында құны 15 млрд доллар болатын 70 инвестициялық келісімге қол қойылған. Ал АҚШ-та Amazon, Meta, Goldman Sachs, Citigroup сияқты алпауыт компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, жалпы құны 5,2 млрд доллардан асатын 11 келісімшарт жасалған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.