"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке көңіл айтты

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке көңіл айтты

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Қазақстан президенті БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке көңіл айту жеделхатын жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Бенгазидегі жарылыс салдарынан қаза тапқан БҰҰ-ның Ливиядағы миссиясы қызметкерлерінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.

"Бұл зұлымдыққа толы лаңкестік шабуыл ізгілік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптейтін қасиетті мұсылман мерекесі – Құрбан айт қарсаңында жасалғаны аса жантүршігерлік жағдай болып табылады. Әлемдік қауымдастықтың зорлық-зомбылыққа қарсы бірлескен және батыл күреске шақыратын үндеуін берік қолдай отырып, Қазақстан лаңкестіктің ешқандай түрі мен көрінісін қабылдамайды", - делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, президент БҰҰ қызметкерлерінің жаһандық ұйымның игі мақсаттарына қол жеткізу жолындағы қызметін жоғары бағалайтынын айтқан.

Еске сала кетсек, 11 тамыз күні Ливияның Бенгази қаласында жарылғыш зат орнатылған көлік жарылып, салдарынан  БҰҰ-ның үш қызметкері қаза тапты. Сондай-ақ бірнеше адам түрлі жарақат алды.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр