Қызметкерлеріне пәтер сыйлаған Алагөзов бір жылда ондаған миллион долларға байыған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев бірінші вице-премьер Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Тоқаев бірінші вице-премьер Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған бірінші вице-премьер Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесу өткізіп, елдегі өнеркәсіп пен инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын талқылады, деп хабарлайды kznews.kz.

Кездесу барысында Нәлібаев Мемлекет басшысына өңдеу өнеркәсібін дамыту, жоғары қосылған құны бар өнім өндірісін арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар туралы есеп берді. Сондай-ақ көлік-логистика және құрылыс салаларындағы ахуал жөнінде ақпарат ұсынылды.

Президент ірі инфрақұрылымдық жобалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, отандық өндірушілерді қолдауды күшейтуді және алдағы жылыту маусымына дайындықты тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалып, оның орнына бірінші вице-премьер лауазымына Нұрлыбек Нәлібаев келген болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.