"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысымен кездесті

Тоқаев Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысымен кездесті

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Президент ҰҚШҰ Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Станислав Засьті қабылдады. Бұл туралы мемдекет басшысы Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

"Әскери-саяси ықпалдастықты, атап айтқанда, ҰҚШҰ  (Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы) шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқыладық", - деп жазды Тоқаев.

Ол ҰҚШҰ Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

​Бұған дейін Станислав Зась Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы лауазымына қсынылды. Оның кандидатурасына ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлері кеңесі келісім берді.

ҰҚШҰ бұрынғы бас хатшысы Юрий Хачатуров Армениядағы 2008 жылғы тәртіпсіздіктер туралы іс бойынша қылмыстық қудалаумен байланысты қызметінен босатылды.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан