Маңғыстау облысында жылына 5 мың тонна балық өсіретін жоба іске асырылуда
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев балаларды фастфуд пен тәттілер жарнамасынан қорғауды талап етті

Тоқаев балаларды фастфуд пен тәттілер жарнамасынан қорғауды талап етті
фото: ашық дереккөз

Тоқаев балалардың фастфуд пен тәтті тағамдарға әуестенуіне жарнаманың да әсері бар екенін айтты. Ол Үкіметке зиян тағамдардың жарнамасын шектеу мәселесін жан-жақты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Тоқаевтың айтуынша, зиян тағамдарды бақылаусыз жарнамалау елдің еңбек әлеуетіне кері әсер етіп, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін салмақты арттырады.

"Ер мен әйел ешқашан бет сүйісіп, құшақтаспаған": Тоқаев сынаған амандасу әдебі қазақта болған баОқыңыз

“Дәрігерлердің бақылауына сәйкес, қазір қант диабетімен ауыратын шамамен 7 мың бала бар. Бұл көрсеткіш азаймай, керісінше өсіп келеді. Көптеген ел балаларға бағытталған, құрамында майы, қанты және тұзы көп тағамдардың жарнамасына тыйым салады немесе оны шектейді”, – деді ол.

Президент бұл саланы реттеу жан-жақты әрі байыпты тәсілді қажет ететінін айтты. 

“Бұл мәселе оңай емес. Мұнда пікірталас тудыратын, медициналық және саяси тұрғыдан да күрделі әрі нәзік мәселелер бар. Дегенмен үкімет бұл мәселені ең алдымен балаларымыздың денсаулығын ескеріп, жан-жақты зерттеуі керек”, – деді Тоқаев. 

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев мектеп оқулықтарының бағдарламасын сынға алған еді. Ол Қазақстанның әдебиеті мен мәдениетінде мұң мен қайғы тақырыбына тым көп мән берілетінін айтып, сынаған. 

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.