Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Альпинист Ерванд Ильинский "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алды

Альпинист Ерванд Ильинский "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алды
фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін", - делінген жарлық мәтінінде.

Қазақстанның альпинизм және құзға шығу порталындағы мәліметке сүйенсек, Ерванд Ильинский 1968 жылдан бері КСРО спорт шебері, ал 1982 жылдан бері халықаралық дәрежедегі спорт шебері және КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері.

Сонымен қатар ол басқа да атақтарға ие:

1973 жылдан бастап альпинизмнен ЦСКА аға жаттықтырушысы;

1975 жылдан бастап Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы;

1979 жылдан бастап КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Бапкерлік мансабында ол КСРО мен Қазақстан Республикасының 100-ден астам спорт шеберін, соның ішінде 33 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін және 23 еңбек сіңірген спорт шеберін дайындаған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.