Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай Қазақстан халқының нақты ақшалай кірістерін 2019 жылғы деңгейден кем дегенде 27%-ға арттыруды көздеп отыр.
26 ақпан күні президент "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы" жарлыққа қол қойды.
Оған сәйкес еліміздің 2025 жылға дейінгі ұлттық басымдықтары ретінде келесілер айқындалған:
1-бағыт. "Азаматтардың амандығы":
1) "Әділ әлеуметтік саясат";
2) "Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі";
3) "Сапалы білім"; 2-бағыт. "Институттардың сапасы":
4) "Азаматтардың мүдделерін қорғайтын әділ және тиімді мемлекет";
5) "Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі";
6) "Патриотизм құндылықтарын тәрбиелеу";
7) "Ұлттық қауіпсіздікті нығайту"; 3-бағыт. "Қуатты экономика":
8) "Әртараптандырылған және инновациялық экономика құру";
9) "Экономикалық және сауда дипломатиясының белсенді дамуы";
10) "Теңгерімді аумақтық даму".
"Азаматтардың амандығы" бағыты бойынша халықтың нақты ақшалай кірісінің өсімін 2019 жылғы деңгейден кемінде 27%-ға арттыру ұсынылып отыр.
Сондай-ақ, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру жоспарланған.