KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

"Тоқтар бауырым, марапатың құтты болсын": Мақпал Жүнісова Тоқтар Серіковті құттықтады

• Қайсар Қанат
Мақпал Жүнісова. Фото: ашық дереккөзден

Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында Тоқтар Серіковтің жетістігіне қуанышты екенін білдіріп, оған ізгі тілегін арнады.

"Тоқтар бауырым, марапатыңыз құтты болсын!" – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Тоқтар Серіков Республика күніне орай жоғары мемлекеттік наградалардың бірі – "Парасат" орденімен марапатталды. Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жариялап, өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірген болатын.

"Бірінші Аллаға разымын осындай құрметке бөлеген, екінші әрқашан бізден ыстық ықыласын аямаған Қазақ еліне разымын!" – деп жазды Тоқтар Серіков.

Әнші алдағы уақытта да туған еліне қызмет етіп, өнер жолындағы еңбегін жалғастыра беретінін жеткізді.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →